«Жайнай бер, біздің Қазақстан!»
№54 бөбекжайдың «Солнышко» тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ұйымдастыру оқу қызметі өткізілді. Сонымен қатар Тәуелсіздік күніне арналған челлендж өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешілермен және қазақ тілі мұғалімімен бірге Қазақстан бойынша саяхаттады.ҰОІӘ негізгі мақсаты балалардың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік, достық пен бірлікке ұмтылу, халық дәстүрлерін құрметтеу сезімдерін ояту, сондай-ақ ҚР рәміздері, көпұлтты мемлекет ретінде туралы алған білімдерін бекіту. Іс-шара мерекелікәуеннің сүйімелдеуімен, жалаушалармен салтанатты кіруден басталды, онда балалар бірден өз елі үшін мақтаныш сезінді, содан кейін балалар ҚР Әнұранын орындады. Саяхат балалардың Қазақстан халықтарының тарихы, халық шығармашылығы мен мәдениеті туралы білімдерін байытумен, балаларға қазақтардың ұлттық киімдерінің, музыкалық аспаптарының, сәндік-қолданбалы өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеумен жалғасты. Саяхаттағы аялдамалар арасында балалар билеуге, ән айтуға және өлеңдерді мәнерлеп оқуға барлық қабілеттерін көрсетті. Әндер, өлеңдер, ұлттық ойындар барлық қатысушыларға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Біздің балабақшада Тәуелсіздік күніне арналған челлендж өткізілді,оған міндетті түрде біздің де тәрбиеленушілеріміз қатысты.
Тәрбиешілер:
Шилинская С.А. Гнатновская Н.С