Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

«Бәрі махаббаттан басталады»

«Бәрі махаббаттан басталады»

Қазақстан Республикасында алғыс айту күні қарсаңында № 54 бөбекжай-бақшасында барлық жас топтарында тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. Біздің тәрбиеленушілеріміз  көңілді билерден, әндерден, ойындардан, жарыстардан жарқын, есте қаларлық әсер алады.

Балалар мерекенің тарихы, ризашылықтың шын мәні, оның көрінісі туралы түсінікке ие. Педагогтар  балалардың бойына  жауапкершілік, ризашылық, жомарттық, татуласуға, адамгершілік-рухани құндылықтарға, бейбітшілік пен достыққа деген ұмтылыс сияқты қасиеттерді тәрбиелейді.

Ата-аналар педагогтардың көмекшілері болып табылады, балалардың бойында патриотизм, төзімділік сезімдерін тәрбиелеуге белсенді қатысады.

Біздің балабақша — әртүрлі этномәдениеттегі балалар тәрбиеленетін көпұлтты үй. Бүлдіршіндер мен ересектер үнемі бір-біріне жылы қарым-қатынаста болғаны өте маңызды. Біздің балалар мұны шын жүректен және сүйіспеншілікпен жасайды!