«Бөлме өсімдіктер әлемі»
Адамдардағы барлық жақсы нәрсе-балалық шақтан!
Жақсылықтың бастауы қалай оянады?
Табиғатқа шын жүректен қол тигізу:
Таң қалу, білу, сүйю!
Біз жердің гүлденгенін қалаймыз,
Және гүлдер сияқты балалардың өскеннің армандаймыз,
Олар үшін экология
Ғылым емес, жанның бір бөлігі болуын қалаймыз!
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қазіргі мектепке дейінгі білім беру ұйымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Табиғат баланың жеке басының үйлесімді дамуына ықпал етеді, осыған байланысты қоршаған әлемге білім беру негіздері, табиғатты сүюге және түсінуге деген ұмтылыс қалыптасады.
«Звездочка» ересек тобының балаларымен бөлме өсімдіктерді сыртқы түріне қарай ажыратуға үйрету, сондай-ақ еңбексүйгіштік пен өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында «бөлме өсімдіктер әлемі» тақырыбында ойын-сауық өткізілді. Ойын-сауық барысында , балалар гүлдерді бақылады : жапрақтардың шандарын сүртті,құмды қопсытты,суарды. «Өсімдік булану арқылы суды жоғалтады» тәжірибесі балаларға үлкен әсер қалдырды. Балалар су тамшыларының пакетте қалай пайда болғанын қызығушылықпен бақылап, қорытынды жасады.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік оның тұрғындарын білуден басталады және біз мектеп жасына дейінгі балаларды барлық тіршілік иелеріне адамгершілікке тәрбиелеу арқылы болашақта планетамызды сақтауға көмектесеміз деп үміттенеміз.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/150-mir-komnatnykh-rastenij-2.html#sigFreeIddef0309664