Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десек, артық болмас

Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десек, артық болмас. Себебі көктем келісімен, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" –деп, бір - бірімен жарыса, жар салады. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді.

Наурыз мейрамынан соң, күн мен түн теңеліп, күн ұзара түседі.

Көктем мезгілі басқа жыл мезгілдеріне қарағанда осынымен ерекшеленеді.

Балабақшамызда «Көктем келді!» атты балалар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.