Казақстан достықтың мекені "қалалық Тілдер фестивалі аясында"Бала тілі- бал" байқауы өтті. 54 балабақшаның мектепалды "Звездочка" тобының тəрбиеленушісі Гариханова Сафина осы байқауға қатысты. Ол өзі туралы ана татар тілінде айтты. Е.Өтетілеуовтың"Отан" өлеңін мəнерлеп, эмоционалды түрде оқыды.Байқау қорытындысы бойынша Гариханова Сафинаны грамотамен және ынталандыру сыйлығымен марапаттады.Сафинаның ата- анасына дайындыққа белсенді көмек көрсеткен үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз үшін əр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуға қолдау көрсете отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ата - аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы өте құнды.
"Бала тілі- бал"