Балалар, ережелерді орындаңыздар :
Жолда ойнау балаларға керек емес!
Доппен сендер тек аулада және
ойын алаңында ғана ойнай аласыздар
№54 бөбекжайда мектеп жасына дейінгі кіші балалардан бастап, біз балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйретеміз, оларға жол жағдайында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретеміз. Сондықтан жыл бойы тәрбиеленушілердің ата-аналары үшін «Жол қозғалысы ережелері» бойынша кеңестер, әңгімелесулер өткізіледі, ұсынымдар беріледі.
Көшедегі баланың дұрыс мінез-құлқының қалыптасуына жолдағы ересектердің жеке мысалы үлкен әсер етеді. Балабақшаның барлық жас топтарында жол қозғалысы ережелері бойынша көрнекі және ойын материалдары жинақталған «Қауіпсіздік бұрыштары» құрылған. Онда балалар ойын ойнап, тақырыптық суреттерді қарастырады.
Біздің балабақшада жол қозғалысы ережелері бойынша әртүрлі жұмыс түрлері жүргізіледі. Бұл «Бағдаршам», «Жолда абай болыңыз» сияқты үстел және ауызша ойындары , қозғалмалы және дидактикалық ойындар, тақырыптық демалыс және спорттық іс-шаралар. Мысалы, «Бабочка» кіші тобында «Біз ЖЖЕ-мен доспыз» тақырыбында балалармен әңгіме өткізілді. «Ласточка» тобында – «Менің көшем» конструктормен ойындар. Ал «Пчелка» тобында – «Жол» тақырыбындағы суреттерді қаралды.
Ересектердің мысалы балалардың жолда қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын сәтті тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі екенін есте ұстаған жөн.
«Ласточка» тобы
Тәрбиеші Файзуллина М.Р.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/331-balalar-a-arnal-an-zhol-oz-alysy-erezheleri-jretu-zh-ne-or-au.html#sigFreeIdf4f4462233