Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

«Қазақстан балалар көзімен»

Тәуелсіздік жылдарында біздің жас мемлекетіміз әлеуметтік және экономикалық прогреске ықпал ететін түрлі салаларда көптеген нәтижелерге қол жеткізді.

      Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері Қазақстан халқының тұрақтылығының, бейбітсүйгіштігінің және ұлтаралық келісімінің дәлелі болды.

     Қазіргі Қазақстан-тарихы бай, болашағы жарқын жас тәуелсіз мемлекет.

     Біздің «Радуга» тобымызда жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында ата - аналардың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан балалар көзімен» атты суреттер көрмесі өткізілді. Балалар ата-аналарымен бірге ұсынылған жұмыстар арқылы патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.

    Суреттерде қазіргі Қазақстан мен Қазақстанның астанасы-Нұрсұлтан, Қазақстанның әдемі табиғаты, қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген.

 Тәрбиешілер: «Радуга» тобы Рахметова М.М.,

 С.Ж. Мұратова