«Эко-сән 2022»
Планетаның тазалығы
әрбір адамға байланысты
Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Бұл процесті қызықты, мазмұнды ету үшін тәрбиешілер әртүрлі жұмыс түрлерін қолданады.
«Игі істер уақыты - Жақсылық тамшысы!!!» акциясы негізіңде «Капелька» тобында «Эко - сән 2022» мерекесі өтті.
Пластикалық пакеттер, қағаз, пластикалық бөтелкелер, майлықтар және басқа да қалдық материалдар-осының бәрінен балалар ата-аналарымен шығармашылық қабілеттерін және қиялдарың көрсете отырып, сәнді киімдер жасады. Жас модельдер киімдерін көрсетті, ал көрермендер қатты қол шапалақтады. Мерекеде көңілді музыка шырқалды. Костюмдерді көрсету дефиле түрінде өтті, онда әрбір модель өз киімін таныстырды.
Батыр, жұлдызшы, теңізші, Қызыл телпек, ғарышкер, рыцарь, супер - батырлардың, гүлді феялардың және т. б. костюмдер ұсынылды.
Мереке соңында барлық қатысушылар медальдар мен тәтті тағамдар алды.
Балалар көптеген жағымды әсер алды.
Лясота В.В и Кушнир О.А