2021-2022 оқу жылында №54 балабақшада қызметкерлерге арналған «Қазақ тілін үйрену» үйірмесі жұмыс істеді.Балабақша ұжымы көп ұлтты, барлығы үлкен ықыласпен, қызығушылықпен сабаққа қатысады. Қазақ тілін оқу барысында көп жұмыс атқарылды, қарым-қатынас принциптеріне ерекше көңіл бөлінді, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде, отбасында, әлеуметтік ортада алған білімдерін тәжірибеде қолдануға ықпал ететін оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады. Қазақ тілін оқытудың әрбір сабағы демонстрациялық материалдың (суреттер, ойыншықтар, бейнефильмдер, презентациялар, көрнекі құралдар және т.б.) көмегімен жүргізіледі.
Қазақ тілін оқыту бойынша үйірме жұмысының міндеттері орындалды:
- қиылысатын тақырыптар бойынша сөздік қорын байыту;
- қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды сөздерде дұрыс айту;
- суреттерді, мнемоникалық кестелерді, тірек-сызбаларды, Синквейн технологиясын пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру;
- тәрбиешілер мен балалардың сөйлеуін дамыту;
- тәрбиешілер қазақ халқының мәдениетімен (дәстүрлер, ұлттық киімдер, мерекелер) таныстыру.
Оқу жылының соңында өткізілген «Қазақшаң қалай?» атты сайысы өз тиімділігін көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар сенім жағдайында, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындауда өз білімдерін көрсетті. Гаан.В, Черноус.О, Кашуба.О, Рахметова.М, Алденова Н, Рамазанова сияқты тәрбиешілер. белсенділік танытып, грамоталармен марапатталды.
Қазақ тілін оқыту үйірмесінің жұмысы жоспарлы, мақсатты түрде жүргізіліп, алдағы жылы да жалғасын таппақ.
Бердибекова Д.У. казак тілі мұғалімі:
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/471-izuchaem-kazakhskij-yazyk-2.html#sigFreeId1cfaa7b5cc