Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Балалар үшін өрт қауіпсіздігі

Балалар үшін өрт қауіпсіздігі – балабақшадағы тәрбиешілер мен үйдегі ата-аналар үлкен назар аударатын маңызды мәселелердің бірі.

Балалардың тентектігі себебінен өрттердің туындауына жол бермеу және балалардың бойында өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында «№ 54 бөбекжайы» КМҚК «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында әңгіме өткізілді, тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Балаларға ойын түрінде өрттің пайда болуына жол бермеу үшін қандай ережелерді сақтау керектігі түсіндірілді. Шақырылған азаматтық қорғау аға лейтенанты Букинов Салават Каирбаевич өрт кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы, сондай-ақ сіріңкемен ойнау неге әкелетіні туралы айтып берді. Өрт шыққан кезде шұғыл қызмет 101, 112 нөмірлері шақыру қажет екендігі туралы да еске салды.

Педагогтар "»Қауіпті заттарды тап», «Өрт сөндірушіге не керек?», «Жақсы – жаман», «Өрттің себептерін ата», «Егер өрт туындаса» және т. б. ойындарын ұйымдастырды.

Өткізілген іс-шарадан кейін балаларға өрт қауіпсіздігі бойынша суреттер жасау, сурет сюжетінде кездесуден алған әсерлерін жеткізу ұсынылды.