Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Туған күніңмен, менің Республикам

«Егеменді елім бар,

Кең байтақ жерім бар...»

Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында №54 балабақшада арналған іс-шаралар басталды. Мерекелік іс - шараға ата - аналар шақырылды. «Менің отаным - Қазақстан!», «Отбасы» слайдтық презентациялар «Менің туған қалам - Қостанай!», «Астананың» көрікті жерлері бейнероликтері пайдаланылды.

Патриоттық рухта балалар бар ықыластарымен,  салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Гимінің шырқағаны ерекше қуантты. Шарада әр бала еліне арналған ән, тақпақтарын, би билеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді. Кез келген мерекедегідей ұлттық ойындар, мектепалды топ балаларымен «Киіз үй құрастыр» ойыны ойнатылды. Балалар оң нәтиже мен қуанышты көңіл-күй алды. Концерттік бағдарлама ата-аналарға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Дина Бердибекова

Акбота Оспанова

№54 бөбекжайдың

қазақ тілі мұғалімдері

Қостанай қаласы