«№54 бөбекжайы» КМҚК-да мақсаты қоғамның мүгедектігі бар адамдарға кемсітусіз, толерантты көзқарасын қалыптастыру болып табылатын «Хабардарлық күнінен инклюзивті қоғамға» III онкүндік хабардарлық шеңберінде тақырыптық апта өтті.
Іс-шараларға қатысуға педагогтар, тәрбиеленушілер және ата-аналар қауымы тартылды. Бұл іс – шаралар өскелең ұрпақтың санасында «Біз – әр түрлі, біз – теңбіз, Біз-біргеміз, сондықтан әр адамнан Адамды көру өте маңызды» деген ойды нығайтуға бағытталған.
Осылайша 7 қарашада педагогтармен «Толеранттылық дегеніміз не»,«Инклюзия —бұл....» атты диспут өтті. Педагог-психолог «Әртүрлі мүмкіндіктер — тең құқықтар» буклеттерін ұсынды, оларды педагогтар өз кезегінде ата-аналарға таныстыру үшін ұсынды.
«Гүл-жеті гүл»,«Үкі апайдың сабақтары» мультипликациялық фильмдері қаралды. «Мейірімділік», одан кейінгі әңгіме, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
2022 жылғы 9 қарашада мектепалды және ересек топтарда «Жомарттық сыйла»,«Айналамыздағы әлем» атты ұйымдастырылған іс-шаралар өтті. Педагогтар презентация, әңгіме, дидактикалық ойындар арқылы жақсы істерді жаманнан ажырату дағдыларын дамытты, балалардың игі істер жасауға деген ұмтылысын көтермеледі, қоршаған әлемге, жақын адамдарға мейірімді қарым-қатынас тәрбиеледі.
10 қарашада балалар педагогтардың жетекшілігімен арнайы топтардың балаларына арналған «Досқа сыйлық» қолөнерін жасады. Балалар «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» коллажын жасады. Достыққа, жақсылыққа, бірлікке арналған өлеңдер айтылды.
Аптаның соңында «Күллі жердің балалары достасады» атты ұжымдық сурет салынды.
Бөбекжай тәрбиеленушілері достық ережелерін есте сақтады, дос болу керек, достарды және айналамыздағы адамдарды ренжітудің қажеті жоқ екенін түсінді. Ең бастысы, бір-бірімізді құрметтеуіміз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек, достарымызбен бірге шаттана білуіміз керек!
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/515-biz-r-t-rli-biz-te-biz-biz-birgemiz.html#sigFreeIdaab9afdd26