22.02.2023 жылы № 54 бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдар психологтарының қалалық әдістемелік бірлестігі өтті. Отырыстың тақырыбы«ЕБҚ бар балалармен жеке түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру». Кездесу барысында 69 бөбекжайдың педагог-психологі Хакимова В. Б. «Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды және танымдық салаларын құм терапиясымен дамыту. Кіріктірілген ыңғай» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол құм терапиясын қолдану ЕБҚ бар балаларымен түзету жұмыстарында таптырмас нәрсе екенін атап өтті. Педагог мастер-класс өткізу арқылы ӘБ отырысына қатысушыларды жандандырып, құм терапиясының мүмкіндіктерімен таныстырды 54 бөбекжайдың педагог психологі ГаанВ.К. «Үй жануарлары» тақырыбында практикалық түзету-дамыту сабағын көрсетті. Сабақ барысында психолог танымдық процестерді, ұсақ моториканы, өзін-өзі реттеуді, ойлау мен бірлескеніс-әрекет дағдыларын дамыту ғажағдай жасады. Әрі қарай Виктория Константиновна «Тик-ток»стилінде рефлексия жүргізді. Өткізілген әдістемелік бірлестіктің тиімділігі мен нәтижелігі не қорытынды шығару мақсатында ӘБ жетекшісі Смирнова В.В. алған әсерлерімен бөлісуді және пікір алмасуды ұсынды. Жақсы пікірлер алынды.
22.02.2023 жылы № 54 бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдар психологтарының қалалық әдістемелік бірлестігі өтті