Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Біз көкөніс бақшасын отырғыздық

Біз көкөніс бақшасын отырғыздық

Бала - айналасындағылардың бәрін жаңадан ашушы. Ол айтылған, көрсетілген нәрсенің бәрін берік және ұзақ уақыт бойына сіңіре алады, әсіресе, оны өзі жасауға тырысса.

Егер ойын-сауық, ғылым және пайдалы іс, бір сөзбен айтқанда барлығы бір қазанда қайнаса, онда «Терезе алдындағы бақша» жобасы оған көмекші болып табылады. Балаңызға жаңғақтан еменнің, ал шемішкеден күнбағыстың қалай шығатынын жүз рет түсіндіргеннен гөрі, тұқымды бір рет өзі отырғызып, өз көзімен оның өскенін бақылап, осы кішкентай тұқымның өсуі үшін не қажет екенін білгені дұрыс.

«Тюльпан» арнайы ересектер тобы да отырғызу жұмыстарымен айналысуға шешім қабылдады. Педагогтар балаларға кішкентай көкөніс бақшасын отырғызып, оны «Чипполино» деп атауды ұсынды. Бақша отырғызу идеясы балаларға қатты ұнады, олар үлкен ынтамен қабылдады және жұмысқа қызу кірісті.

Топырақ, тұқымдар мен науалар дайындалды. Тұқым отырғызу туралы көптеген әдебиеттер оқылды. Олар пиязды жерге және суға отырғызды (тәжірибе жасауды шешті) және пияздың қай жерде тез өсе бастайтынын бақылауды шешті. Ал ол өскенде - біз оның дәмін міндетті түрде татып көреміз, түскі ас сорпасына ұсақтап турап қосамыз. Әрі дәмді әрі пайдалы. Сондай-ақ сарымсақ, сәбіз, бұршақ және аскөкке орын бөлінді. Ойыншықтар мен конструкторлардан бақшаның «бейнесін» жасадық.

Бұл шағын бақша барлығы үшін қызығушылық, таң қалушылық тудырды! Міне, қандай алуан түрлілік болды!

«Кімнің балалары?» ойыны біздің бақшамызда өсетін өсімдіктерді табуға көмектесті. «Өскінге кім көмектесті» ертегісінен балалар кез-келген өсімдіктің өсуі үшін су, күн және жылу қажет екенін білді. Көктемгі алғашқы жасыл өскіндердің біздің топта терезе алдында өскенін, олардың жапырақтарының пішіні мен түстерін салыстырып, өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті жағдайларды анықтап, балалар процесті үлкен қуанышпен бақылады. Бұл сұлулық балалардың өз қолымен жасалға істері!

Терезе алдында өсімдіктерді өсіруге қатыса отырып, бала өмірдің құпияларын және оның көрінісін түсінеді, жасыл өсіндіде ерекше тіршілік иесін көре бастайды. Өсімдіктердің жағдайын түсінуді үйрене отырып, бала оларға «жанашырлық» танытады және көмектеседі.

Тәрбиешілер: В. М. Кудрина, Н.Г. Назарова