Қазақ тілі мұғалімі жұмысындағы инновациялар-
білім берудің жаңа сапасы
«Қазақ тілі мұғалімі жұмысындағы инновациялар- білім берудің жаңа сапасы» тақырыбы бойыншақазақ тілі мұғалімдерініңқалалық әдістемелік бірлестігі Қостанай қаласы № 54 бөбекжайында КМҚК 2023 жылы 25 сәуір айында өтті.
№54 бөбекжайдың педагогтары ӘБ қатысушыларын музыкалық сәлемдемесімен қарсы алды.
Қазақ тілі мұғалімі Бердибекова Д.У «Қызыл телпек ертегісіне саяхат» бойынша ұйымдастырылған іс- әрекетті көрсетті.
«Сторисек» инновациялық технологиясын қолдану арқылы іс- әрекет барысында отбасы мүшелері, азық-түліктер, жабайы жануарлар туралы түсінік берді, қазақ тілінде сандарды, түстерді бекітті. Білім беру бағытында интеграцияны қолданды. Осы технологияны қолдану бойынша № 54 бөбекжайдың педагогтарының жұмыс тәжірибесімен Оспанова А.Р бөлісті.
Одан әрі «Дидактикалық ойындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оның барысында қазақ тілі мұғалімдері өз тәжірибелерімен №8б/б Есеналина А.К . ( «Ойлан тап» д/о тіл дамытуға арналған), № 51б/б Шуакбаева Г.К. (Бауырсақ»д/о), № 17б/б Жунусова Т.К ( «Қазақ тілі сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу»д/о), ЖШС «Антошка» Байнакатова А.М («Суреттер сөйлейді» д\о), ЖШС «Айгерим -ай» Садикова З.Б ( «Ойна да, ойлан»д/о) бөлісті.
Өз тәжірибесімен бөліскен педагогтарды ӘБ қатысушылары бағалау барысында психолог Гаан В.К «Каспи Терминалы» рефлексиясын өткізді.
ӘБ жетекшісі Брахметова Сауле Мұратқызы қорытынды жасады.
Ұсыныстар берілді.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/561-aza-tili-m-alimi-zh-mysynda-y-innovatsiyalar-bilim-berudi-zha-a-sapasy.html#sigFreeId28fd8dc5af