Ал, ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік, не білдік!
Соны ортаға салайық.
№54 бөбекжайында қазақ тілі сабағында мектеп алды «Ягодка», «Капелька» тобымен «Не білдік, не үйрендік!» интеллектуалды сайысойын түрінде өткізілді. Бір-бірімен амандасу рәсімі болды. Сайыс барысында балалар жыл мезгілдерін, апта күндерін, ойыншықтар, отбасы, азық-түлік, дене мүшелері және жабайы мен үй жануарлары тақырыптары бойынша түрлі формадағы тапсырмаларды орындады . Осы тапсырмалар бойынша жыл бойы алған білімдерін көрсетті.
Жыл мезгіліне байланысты қиылған суреттер берілді. Екі топта қызығушылықпен жыл мезгілдерінің қиылған суреттерін құрастырып, мезгілдердің белгілерін, айларын дұрыс атап шықты.
Балалар ойыншықтарды қазақша атап, оларға сипаттама берді. Ойыншықтарды тура және кері дұрыс санауға талпынды.
«Бармақтар отбасы» , «Дене мүшелері» сергіту сәті арқылы әндетіп , қимыл жасады.
«Не жейді, не ішеді?» ойын арқылы азық-түліктерге байланысты сөйлеу белсенділігін артты.
«Орман, аула» дидактикалық ойын барысында үй жануарлар мен жабайы жануарларды ажырата білді.
Сайыс барысында балалар өздерін еркін ұстап, тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытты, белсенділігін артты, әр топ озық болуға тырысты.
Әр топ өздерінің ұйымшылдығымен , шапшаңдылығымен 1 орынға ие болған «Капелька» тобы, 2 орынға «Ягодка» тобы ие болды. Екінші қосалқы топта «Ягодка» тобы 1 орын, «Капелька» тобы 2 орынға ие болды.
Қазақ тілі мұғалімдері:
Бердибекова Дина
Оспанова Акбота.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/585-ne-bildik-ne-jrendik-intellektualdysajys.html#sigFreeIdcd87278f67