Бүгінгі таңда білім беру ұйымы мен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл заманауи білім беру жүйесін жаңғыртуды ескере отырып қарастырылады. «Үндестік» облыстық жобасы бірыңғай педагогикалық ұстаным, қазіргі білім беру стратегиясымен белгіленгенынтымақтастықтың жаңа нысандарын енгізунегізіндеотбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталғантиімді нысандардың бірі болып табылады. Біздің № 54 бөбекжайымызда «Кофе-монинг» түріндеұйымдастырылған, «Біз біргеміз» тимбилдингітақырыптық квесттер топтық ата-аналар жиналысы өткізілді,онда бейресми жағдайда педагогтар тәрбиеленушілердің жетістіктерін, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруды, мектепке дайындықты талқылады. Сонымен, «Ботақан» тобында жайлы және жылы жағдайда ата-аналар жиналысы дәстүрлі емес түрде өтті. Педагогтар топ балаларының жетістіктері туралы бейнефильм дайындады, оқу жылы ішінде ұйымдастырылған қызметтің қалай және қандай нысанда өткенін, мерекелік іс-шараларды айтып берді, балалардың балабақшаға барған алғашқы күндерінде сәтті бейімделгенін атап өтті. Әріқарай, ата-аналардыбіріктіругежәнетәрбиешілерменөзараәрекеттесугебағытталған тренинг түрінде«Сиқырлышумақ», «Жіп», «Түйін», «Сиқырлықұрсау», «Бізжәнебалалар» (ыдыстытолтыру) ойын- тапсырмалары ұсынылды. Қорытынды жасадыата-аналар мен тәрбиешілердіңөзараәрекеті тек жақсынәтижебереді. Бұданәріпедагогтар мониторинг нәтижелерітуралыайтып, қорытындысында«Instagram»рефлексиясынөткізді, оныңбарысындаата-аналарөткенкездесудібағалады. Мұндай стандартты емес іс-шаралар ата-аналардың бөбекжай өміріне белсенді қатысуға дайындығын, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымның сұраныстарына реакциясының жоғары жылдамдығын тудырады. Жалпы істер мен мүдделер білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын біріктіреді, ортақ тіл табуға көмектеседі, баланың жеке басының қалыптасуына оң әсер етеді.
Бізбіргеміз-ата-аналар, педагогтар, балалар.