Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдары арасында рейтингте 1 орын
28 тамыз күні қалалық балалар шығамашылық мектебінің базасында Қостанай қалас
ының әкімі М. Жүндібаевтың қатысуымен қаламыздағы білім беру қызметкерлерінің кеңесі өтті.
Жиынға білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Сюндикова, Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім мекемелері, орта және жоғарғы білім басшылары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қала ұстаздары мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
Кеңес аясында 2022-2023 оқу жылының жұмысы қорытындыланып, қаланың білім беру жүйесінің жетістіктері мен ұстаздар қауымын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды және жаңа оқу жылының даму векторлары атап өтілді.
Дәстүр бойынша шараның екінші бөлімі қаланың үздік ұстаздарын марапаттау рәсіміне арналды.
Қостанай қаласы әкімінің және Қостанай облысы білім басқармасының Грамоталары, Алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен 22 ұстаз марапатталды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметін рейтенгтік бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Құттықтау мекен-жайы және 1 млн. тнг сомасына сертификат. № 54 балабақша ұжымына меңгерушісі Тусова Айгүл Аманжолқызы тапсырылды