Қазақстан Республикасының Ата-заң күні мерекесі қарсаңында №54 бөбекжайында «Айбары асқақ– Ата заң» атты іс-шара өткізілді.
Мерекеге орай, балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.
Балалар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимінің орындады.
Мерекелік шараға балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, музыкалық жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушысы қатысып , туған жер, ата-заң, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, денсаулыққа байланысты жаттығу жасап, ойындар ойнап шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Мереке барысында еліміздің басты құжаты – ҚР Конституциясында жазылған өз құқықтары танылды.
Осы ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада балалар құралақан қалмай тәттілерге ие болды.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/617-ajbary-as-a-ata-za.html#sigFreeId5a7512ca2c