Күзгі күнтізбеде ерекше күн бар, онда жүрек терең ризашылық сезіміне толы, ризашылық сөздерін айтқыңыз келетін, ата-әжелерімізге ерекше сезімтал және мұқият болғың келеді.
54 балабақшада тақырыптық күн өтті. Балалармен әңгімелесу өткізілді, педагогтар балаларға 1 қазанда «Қарт адамдарға мейірімділік және құрмет күні» аталып өтілетіні туралы айтып берді. Әңгіме барысында балалар жақындарына қалай қамқорлық жасап, көмектесетіндерін айтты. Қарт жастағы адамдарға, олардың бай өмірлік тәжірибесіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған ойындар ұйымдастырылды.
«Жақсылық поштасы» жұмыс істеді - тәрбиеленушілер алғыс ретінде құттықтау хаттарын дайындап, оларды педагогикалық еңбек ардагерлеріне, бұрынғы балабақша қызметкерлеріне және балаларға бөбекжайға қонаққа келген ата-әжелеріне сыйға тартты. Ұйымдастырылған мерекелік концерт барысында балалар шын жүректен құттықтаулар жолдады. Мереке жылы және рухани атмосферада өтті. Балалар қонақтардың алдында қуанышпен және сүйіспеншілікпен өнер көрсетті. Балалар эмоционалды және мәнерлеп өлең оқып, ән айтып, би биледі. Іс - шараға қатысушылардың барлығында қуанышты және мейірімді әсерлер қалды.
Бөбекжай ұжымы даналық жасындағы барлық адамдарды мерекемен құттықтайды!
Зор денсаулық, жігер, нық сенім, жақындарыңыз және айналаңыздағы адамдардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығын тілейміз!
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/633-mejirimdilik-zh-ne-rmet-k-ni.html#sigFreeId38c081ac96