Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Мен, спорт және отбасым

Облыстық «Үндестік» жобасы аясында балалармен және ата-аналармен «Мен, спорт және отбасым»  ұранымен «Бабочка» және «Пчелка» ересек топтары арасында жарыстар өткізілді.

Спорттық бағдарлама өте қарқынды болды. Командаларға жүгіру, секіру, доптармен қызықты конкурстар, кегель және құрсаумен эстафеталар ұсынылды. Балалар және ата-аналар жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс істей білумен жарысты. Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс балаларды соншалықты баурап алды, олар айналада болып жатқан оқиғаларды байқамады. Барлығы мәреге бірінші болып жету үшін барын салды. «Көңілді старттардың» барлық кезеңдері қарқынды күресте өтті. Жанкүйерлер, қазылар алқасы мен көрермендер оқиғалардың барысын бақылап, өз командалары үшін қатты уайымдады.

 

Мереке қызықты өтті. Барлығы көптеген жағымды эмоциялар және  сергектік алды.