Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Ұлттық валюта күні

№54 бөбекжайы жыл сайынғы Ұлттық валюта күнін мерекелеу қарсаңында оның шығу тарихымен жас ұрпақты таныстыру мақсатында іс-шара өтті.
Тәрбиеленушілер банкноттардың бет жағында Қазақстанның мәдени, рухани және саяси дамуына ерекше үлес қосқан қазақ халқының тарихи тұлғалары бейнеленгенін білді. Артқы жағында еліміздің табиғи және сәулеттік көрікті жерлері орналасқан.

Балалар әртүрлі елдердің ақша белгілерімен мен монеталарын қарады, ата-аналар ақша топтамасын ұсынды: мерейтойлық, әр түрлі уақыттағы, әр түрлі елдердіңақшалары. Балаларға топтама өте ұнады. Тәрбиешінің жетекшілігімен «Ақша тарихы. Теңгемен бірге саяхат» кітптар суреттемесін оқыды және қарады.

Сонымен қатар, «Әр елдің ақшасын тап», «Теңгені құрастыр», «Ақшаға не сатып алуға болады?», «Теңге алу» ойындары барысында балалар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы Қазақстан теңгесі екенін білді.