54 бөбекжайында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жобасы аясында міндеттерді іске асыруды директордың қатысумыен өткен мәжілісте талқылады.
Меңгеруші Тусова А.А. бұл стратегиялық құжат мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін, оның негізгі міндеті – елдегі білім беру сапасын арттыру екенін атап өтті. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық салалар арасында сабақтастық құру, сондай-ақ білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу қажет екенін айтты.
Әдіскер Захарова Е.А. «Балабақша - жайлылық және даму аумағы» тарауы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, даму, тәрбие және оқыту үдерістеріне көзқарастарды өзгерту, сапаны бағалау, педагогтың рөлі және ата-аналармен жұмыс туралы нақты жазылғанын толықтырды.
Талқылауға бөбекжай педагогтары қатысты, олар бұл жобаны іске асыру білім сапасын арттыруға бағытталғанына сенім білдірді, өйткені еліміздің болашағы білім беруді дамытуға байланысты.