Кіші жастағы балалар қызметінің негізгі түрі - ойын.
Бір жағынан, ойынның өзі құнды, өйткені ол арқылы тәрбиеленушілер білім саласын кеңейтеді, қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсінеді. Екінші жағынан, тәрбиеші ойынды әр түрлі іс-шаралар мен өзара әрекеттесу нұсқалары арқылы оқу үдерісінің негізгі қызметі ретінде пайдаланады.
«Тамшы» кіші тобының балаларына сенсориканы дамыту үшін заттар мен ойыншықтарды өз бетінше зерттеуге, түсін, пішінін, көлемін, кеңістіктегі орнын ажырата және салыстыра білуге көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, педагогтар жетектеуші сұрақтар арқылы баланың өзін-өзі бақылауына, зерттеуіне, экспериментіне ықпал етеді.
Тәрбиешілер балалардың дербес іздеу белсенділігіне жағдай жасайды.