Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні!

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні!

№54 балабақшамызда өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, жоғары патриоттық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін, достық пен бірлікке деген құштарлықты қалыптастыруға үлкен мән беріледі.

Осы мақсатта Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «Менің туған өлкем!»  атты  тақырыптық  сабақ  мектепалды, ересек топтарда өтті. Сабақтың басында балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындады. «Менің Отаным Қазақстан» бейнебаяндары, «Қазақстанның рәміздері» презентациялары, «Менің қалам-Қостанай!» бейнефильмі, «Астананың көрікті жерлері», Қазақстан туралы «Сен білесің бе?» көрмесі көрсетілді.Сонымен қатар балалар Отан, Астана, Бәйтерек туралы тақпақтар оқыды. Дидактикалық ойындар арқылы Қазақстан, Рәміздер туралы білімдерін көрсете білді.Отанға деген сүйіспеншілікке, оның жетістіктеріне мақтанышына, тамаша болашаққа деген сенім көрініс тапты.