Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда, оның ішінде №54 бөбекжайда тәрбиеленушілердің келесі санаттары үшін 100% тегін тамақтану ұйымдастырылды:
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар, балалық шағынан мүгедектер;
Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар;
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар.
Тегін тамақтану үшін өтініш жазып, тоқсан сайын растайтын құжаттарды ұсынып отыру қажет.
Құрметті ата-аналар, тегін тамақтану алдағы 2024 жылы да ұйымдастырылатын болады.