Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 2019 жылдың желтоқсан айында елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Заңға сәйкес, 2023 жылдың қыркүйек айында мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға өсті.
№54 бөбекжайдың педагогикалық ұжымы 32 адамнан тұрады, оның ішінде: меңгеруші-1, әдіскер – 1, музыкалық жетекші - 2, педагог – психолог – 1, дене шынықтыру нұсқаушысы - 1, қазақ тілі мұғалімі – 2, мұғалім – логопед-1, тәрбиешілер-23.
Бүгінгі таңда МДҰ 32 педагогтің 28-і немесе жалпы санының 87%-ы біліктілік шеберлігіне ие. Жоғары білімі бар 25 педагог, жоғары оқу орнынан кейінгі (магистр) 2 педагог, бұл 84% құрайды. Педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы лауазымдық жалақының 30%-ынан 50%-ына дейін құрайды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 5 педагог – 15% санаттарын арттырды, 18 педагог - 56% ҚР ОАМ Ерте жастағы балаларды дамыту институты және ҚР ОАМ «Өрлеу біліктілікті арттыру ҰО» АҚ ұйымдастырған тегін негіздегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жалпы, педагогтерге «Педагог мәртебесі туралы» Заңда көзделген барлық қосымша ақылар уақтылы және толық көлемде жүргізіліп отырады.