№54 бөбекжайдың қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Баланы дамыта отырып, оған тек негізгі ғана емес, сонымен қатар күннің екінші жартысында педагогтер ұйымдастыратын қосымша білім беру де маңызды.
Осылайша, 2023 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту кезінде балалардың қауіпсіз мінез-құлқының негіздерін қалыптастырудағы ТРИЗ педагогикасын қолдана отырып, «Искорка» вариативтік бағдарламасы қолданылады. Орта жастағы балалармен «Таңғажайып әлем», ересек жастағы балалармен - «Табиғат ғажайыптары» үйірмесінің қызметі ұйымдастырылады. Ересек және мектепалды топтарда «Асық әлемі» атты спорттық-сауықтыру қызметі ұйымдастырылды.
Бөбекжай тәрбиешілері ҰҚ өткізу кезінде, режимдік сәттерде, «Біз эковолонтерлерміз», «Оқуға құштар балабақша», «Туған жер – алтын бесік», «Мен, сен, ол– барлығы тұтас ел», «Мамандықтар әлемінде», «Қазақстан менің отаным!», «STORYSACK» секілді еркін және ойын әрекеттерінде жобалау әдісін белсене қолданады. Ата-аналармен ынтымақтастық жөніндегі «Үндестік» облыстық жобасы іске асырылуда. Балабақшаның білім беру процесінде жоба әдісін қолдану педагогтерге, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға бірыңғай топта жұмыс істеуді үйренуге көмектеседі.
Бұл әдісті жүйелі қолдану педагогтерге және тәрбиеленушілерге байқауларға қатысуға мүмкіндік береді, олардың нәтижелері дипломдармен расталады.