Білім беру жүйесін жаңғырту-бұл мемлекеттің ауқымды бағдарламасы, оның шеңберінде нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, олардың ішінде білім беру сапасын жақсарту және оны алу үшін қажетті жағдайлар жасау сияқты міндеттер айқындалды.
2023 жылы ғимараттың ағымды жөндеуге 45766, 8 мың теңге сомасына қаражат бөлінді. Нәтижесінде қоршау ауыстырылды, ғимараттың қасбетінің 50% - ы қапталды, асфальт жабыны ағымдағы жөндеуден өтті, қойманың шатыры жөнделді, кәріз жүйесі жөнделді (құдықтарды ауыстыру), жертөледегі суық және ыстық сумен жабдықтау құбырлары ішінара ауыстырылды, төсеніш жөнделді, тұтқалар орнатылды.
Сондай – ақ, 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру қаражатынан келеслер сатып алынды: канелярлық тауарлар – 193,7 мың теңге, электр тауарлары - 152,3 мың теңге, құрылыс материалы-158,5 мың теңге, шаруашылық тауарлар -367,1 мың теңге, жуғыш заттар-904,9 мың теңге.
2023 жылы қаланың мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша 1 орын үшін біздің бөбекжайға 1 млн теңге сомасына сертификат табыс етілді.
Сертификат есебінен: «Тышқан алгоритмі» STEM – жинағы, Botley роботымен бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған жинақ, «Robot Mouse» бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған жинақ, Matata lab робототехникалық жинағы, электр бұтақ қырыққыш, үтік сатып алынды.
Осылайша, №54 бөбекжайда әрбір педагог пен баланың дамуы мен өзін-өзі дамытуы үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
https://sad54-kst.edu.kz/novosti-kz/776-bilim-beru-jymyn-zha-yrtu.html#sigFreeId2830c3e02c