«Мен, сен,ол, ол-бірге тату ел»
Өткізілген іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда толеранттылыққа,патриоттық сезімге және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.
«Тюльпан» тобында логопедпен бірге ұлттық ойындар, осы тақырыпта әңгімелер өткізілді, сондай-ақ балалар өлеңдер оқыды,бейнероликтер көрді, ұлттық музыкалық аспаптармен таныстырды,іс-шара барысында ұлттық музыка шырқалды. Балаларға қызықты болды және олар белсенді қатысты. Осы қызмет түрлері арқылы біз балаларда бір елде, бір тату отбасында әртүрлі ұлт халықтарының достығы мен бірлігі туралы түсінік қалыптастырдық!