Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

«Қостанайдың  дәрілік өсімдіктері»

Экологиялық тәрбие-білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі, бұл балалардың сезіміне, олардың санасына, көзқарастары мен идеяларына әсер ету тәсілі. Балалар табиғатты сүюге, байқауға, жанашырлыққа, біздің жер өсімдіктерсіз өмір сүре алмайтындығын түсінуге үйренеді, өйткені олар бізге дем алуға ғана емес, ауруларды емдеуге де көмектеседі. Біз оларды қорғап, олардың емдік қасиеттерін дұрыс пайдалана білуіміз керек.

«Звездочка»  ересектер тобының балаларымен біздің Қостанай қаласында және балабақша аумағында орналасқан өсімдіктер, дәрілік өсімдіктер туралы әңгіме жүргізілді.

Балалардың өсімдіктер әлемі туралы түсініктерін кеңейту, балаларды өсімдіктер әлемі мен адамның өзара байланысы туралы таныстыру мақсатында балабақша аумағында экскурсия ұйымдастырылды. Балаларды дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру ережелерімен таныстырдық.

Тәрбиеленушілерге  дәрілік өсімдіктер адамға қандай пайда әкелетіні туралы айтылды.