Біздің Қазақстан - өзінің табиғи ресурстарына бай ел. Өсімдіктердің алуан түрлерінің ішінде дәрілік өсімдіктер ерекше орын алады. «Ласточка» тобында балалар Қостанай облысының дәрілік өсімдіктерімен танысты. Әңгіме барысында балалар дәрілік шөптердің күнделікті өмірде қолданылуы мен пайдасы туралы білді. Балалар «бір – көп» (доппен), « қандай өсімдік болмады?», "Артық не?" атты ойындар ойнауымен бекітті. Балаларда «Иісі арқылы анықта» атты практикалық жаттығуы үлкен қызығушылық тудырды. Балалар дәрілік өсімдіктерді жолдардан алыс жерде және тек ересек адамның бақылауымен жинау керек екенін есіне алды. Жинағаннан кейін қолды жуу керектігін ескерді . Ата-аналармен және балалармен бірге біздің аймақтың дәрілік өсімдіктерінің гербарийін жасау туралы шешім қабылдады.