Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің “ № 54 бөбекжайы “ коммуналдық мемлекеттік қазаналық кәсіпорны

0

«Қазақ халқының ойындар кеші»

Қазақ халқының ойындары ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Әже-аталарымыз, яғни ұлттық ойындар бабаларымыздан қалған асыл мұра.

№54 бөбекжайында «Қазақ халқының ойындары» атты кеші өтті. Бұл қазақ халқының ойындарына  мектепалды , ересек, ортаңғы  топтары қатысты.

Музыкалық жаттығумен басталды.  Балалармен бірге қазақтың ұлттық ойындарын Теньшакова О.И және Рогач С.П дене шынықтыру нұсқаушылары ойнады, олар: «Бәйге»,  «Асық ату», «Орныңды тап», «Тақия тастамақ», «Арқан тарту» т.б.

Осындай ойындар арқылы баланы жылдамдыққа, шапшандыққа, тапқырлыққа, батылдылыққа үйретеміз.

Сондықтан осы ойындарды үйренудің,  әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.