«Тілге бойлау» пилоттық жобасы.
№54 бөбекжайындағы педагогтармен тіл үйрету үйірме жұмыстарын ұйымдастыру аясында «Тілге бойлау» жобасын іске асыру арқылы тәрбиешілер күн тәртібінде өз топтарында тәрбиенушілермен қарым –қатынаста қазақ тілін қалай қолданылатыны бойынша сабақ өтті.
Педагогтармен сөздік минимум картотекасы бойынша «Кім көп сөз біледі» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар «Дұрыс жаса» ойын арқылы іс-қимылдарды жасады. Педагогтар күзгі жапырақтар түсімен топқа бөлінді.
Әр топқа тапсырмалар берілді. «Додекаэдр» ойынында күз мегіліне байланысты сұрақтарға жауап берді. «Себетке жина» ойынында көкөністер мен жемістерді ажыратып және сипаттап сөйлем құрастырды.
«Азық-түліктерді ата» тапсырма барысында қай азықты жейді, ішеді екенін анықтап сөйлем құрастырды.
Қазақ тілі үйірмесінде бастапқыда сөздік жұмыстардан басталып, дыбыстарды дұрыс айтуға бағытталғанымен, түпкілікті мақсаты – педагогтарды өзара қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.