Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Пилот «Тілге бойлау»
14
Қараша
2024
|
«Тілге бойлау» жобасы
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, «Тілге бойлау» жобасы әзірленді, ол 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап біздің бөбекжай базасында іске асырылуда.
Балалардың алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары оларды қоршаған ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік даму негізінің маңызды шарты-ата-аналармен тығыз байланыс. Өйткені, отбасы-қоғамның көзі, ұлттық дәстүрлерді сақтаушы.
Балабақша мен отбасының өзара іс-қимылы-мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін меңгеру белсенділігін толыққанды дамытудың қажетті шарты, өйткені ең жақсы нәтижелер педагогтар мен ата-аналар келісіп әрекет ететін жерде байқалады.
Ата-аналар «Тілге бойлау» жобасымен танысты, оларға буклеттер ұсынылды.
14
Қараша
2024
|
54 бөбекжайында «Тілге бойлау» пилоттық жобасы енгізілуде. Мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің (түсіну және айтылу) қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Мәселен, «Тілге бойлау» жобасын іске асыру аясында«Звездочка» ересек тобында балаларды үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумға үйрету бойынша күн сайын ойын қызметінің әртүрлі түрлері өткізіледі.
«Егін жинау», «Асықтарды түсіне қарай қой»ойындарын ойнағанда балалар көкөністер мен жемістердің аттарын есте сақтайды, түстерді бекітеді. «Сәлем» сергіту сәтін өткізу кезінде балалар сәлемдесу сөздерін және дене мүшелерін үйренді.
▫️«Үндестік» жобасын іске асыру арқылы дәстүрлі емес нысанда ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды және өткізілді. Педагог Оспанова А.Р. ата-аналарды «Тілге бойлау» жобасымен таныстырды. Ата-аналар балалар ойнайтын ойындарды қуана ойнады. Сондай-ақ, үйжағдайында қазақ тілінде сөздерді жақсы бекіту үшін педагогтармен карточкалар дайындалды.
14
Қараша
2024
|
Қазақ тілін үйренеміз!
Өзге тілді қанша көп білсең, сонша жақсы,
Өз тіліңді қанша білмесең, сонша қасірет.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, «Тілге бойлау» жобасы әзірленді, ол 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №54 бөбекжайында іске асырылуда.
Балабақша мен отбасының өзара іс-қимылы мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін меңгеру белсенділігін толыққанды дамытудың қажетті шарты, өйткені ең жақсы нәтижелер педагогтар мен ата-аналар келісіп әрекет ететін жерде байқалады.
«Тілге бойлау» жобасы туралы ата -аналар жиналысында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тіл үйренуге арналған картотекалар, танымдық оқу ойындары, оқу құралдары материалдары жасалды. Осы ойын жинақтары ата-аналар жиналысында көрсетіліп, олармен ойнатылды. Ата -аналар қызыға ойнап, қазақша айтуға талпынды. Осындай ойындармен үйде де балаларымен ойнап, қазақша қайталап отырса, балалардың да қазақ тіліне деген қызығушылықтары артады деген ойдамын. Балалардың алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары оларды қоршаған ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік даму негізінің маңызды шарты ата-аналармен тығыз байланыс. Өйткені, отбасы -қоғамның көзі, ұлттық дәстүрлерді сақтаушы.
Ата-аналар «Тілге бойлау» жобасымен танысты, оларға буклеттер ұсынылды. Осы буклеттегі кюар кодтағы видеоларды балаларына қосып, көрсету ұсынылды.
14
Қараша
2024
|
«Тілге бойлау» пилоттық жобасы.
№54 бөбекжайындағы педагогтармен тіл үйрету үйірме жұмыстарын ұйымдастыру аясында «Тілге бойлау» жобасын іске асыру арқылы тәрбиешілер күн тәртібінде өз топтарында тәрбиенушілермен қарым –қатынаста қазақ тілін қалай қолданылатыны бойынша сабақ өтті.
Педагогтармен сөздік минимум картотекасы бойынша «Кім көп сөз біледі» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар «Дұрыс жаса» ойын арқылы іс-қимылдарды жасады. Педагогтар күзгі жапырақтар түсімен топқа бөлінді.
Әр топқа тапсырмалар берілді. «Додекаэдр» ойынында күз мегіліне байланысты сұрақтарға жауап берді. «Себетке жина» ойынында көкөністер мен жемістерді ажыратып және сипаттап сөйлем құрастырды.
«Азық-түліктерді ата» тапсырма барысында қай азықты жейді, ішеді екенін анықтап сөйлем құрастырды.
Қазақ тілі үйірмесінде бастапқыда сөздік жұмыстардан басталып, дыбыстарды дұрыс айтуға бағытталғанымен, түпкілікті мақсаты – педагогтарды өзара қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.