Қазақ тілін үйренеміз!
Өзге тілді қанша көп білсең, сонша жақсы,
Өз тіліңді қанша білмесең, сонша қасірет.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, «Тілге бойлау» жобасы әзірленді, ол 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №54 бөбекжайында іске асырылуда.
Балабақша мен отбасының өзара іс-қимылы мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін меңгеру белсенділігін толыққанды дамытудың қажетті шарты, өйткені ең жақсы нәтижелер педагогтар мен ата-аналар келісіп әрекет ететін жерде байқалады.
«Тілге бойлау» жобасы туралы ата -аналар жиналысында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тіл үйренуге арналған картотекалар, танымдық оқу ойындары, оқу құралдары материалдары жасалды. Осы ойын жинақтары ата-аналар жиналысында көрсетіліп, олармен ойнатылды. Ата -аналар қызыға ойнап, қазақша айтуға талпынды. Осындай ойындармен үйде де балаларымен ойнап, қазақша қайталап отырса, балалардың да қазақ тіліне деген қызығушылықтары артады деген ойдамын. Балалардың алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары оларды қоршаған ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік даму негізінің маңызды шарты ата-аналармен тығыз байланыс. Өйткені, отбасы -қоғамның көзі, ұлттық дәстүрлерді сақтаушы.
Ата-аналар «Тілге бойлау» жобасымен танысты, оларға буклеттер ұсынылды. Осы буклеттегі кюар кодтағы видеоларды балаларына қосып, көрсету ұсынылды.