54 бөбекжайында «Тілге бойлау» пилоттық жобасы енгізілуде. Мақсаты балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту, қазақ тілінде ауызша сөйлеудің (түсіну және айтылу) қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Мәселен, «Тілге бойлау» жобасын іске асыру аясында«Звездочка» ересек тобында балаларды үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумға үйрету бойынша күн сайын ойын қызметінің әртүрлі түрлері өткізіледі.
«Егін жинау», «Асықтарды түсіне қарай қой»ойындарын ойнағанда балалар көкөністер мен жемістердің аттарын есте сақтайды, түстерді бекітеді. «Сәлем» сергіту сәтін өткізу кезінде балалар сәлемдесу сөздерін және дене мүшелерін үйренді.
▫️«Үндестік» жобасын іске асыру арқылы дәстүрлі емес нысанда ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды және өткізілді. Педагог Оспанова А.Р. ата-аналарды «Тілге бойлау» жобасымен таныстырды. Ата-аналар балалар ойнайтын ойындарды қуана ойнады. Сондай-ақ, үйжағдайында қазақ тілінде сөздерді жақсы бекіту үшін педагогтармен карточкалар дайындалды.