ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области
г. Костанай
8-7142-22-08-77
sad54@kst-goo.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз балабақшаның ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
3
Қараша
2025

№54 сәбилер бақшасында "Әжелер мектебі" аясында "Әжелеріміздің алтын қолдары" атты көрме ашылды. Көрмеде кітаптар, тоқылған бұйымдар, моншақтан жасалған суреттер, әшекейлер және дәстүрлі көрпешелер сияқты әртүрлі туындылар ұсынылды. Көрме балалардың көңілінен шығып, оларға қолөнердің сұлулығын және ұрпақтар сабақтастығын көрсетті. Ұйымдастырушылар әжелерге таланты мен жомарттығы үшін алғыс айтады.

3
Қараша
2025

Бүгін біздің балабақшада жаңа игі дәстүр бастау алды — «Қамқор жүрек» атты әжелер мектебі. Бұл жобаға біз шын мәнінде жанға жақын, үйдегідей жылылық сыйлайтын атау бердік — «Әже сыры шай үстінде»

Біздің мақсатымыз: Әжелердің тәрбиелеу үрдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасау. Үрпақтар арасындағы байланысты нығайту.

Балаларға халық даналығы мен ізгі дәстүрлерді жеткізу.

Әже мейірімі мен қамқорлығында өскен бала рухани бай, мейірімді болып қалыптасады. Балаларды:жаман мен жақсыны ажыратуды, үлкенді сыйлап, кішіні аялауды,туған тамырын, халқының дәстүрін қастерлеуді үйретеді.

Алғашқы кездесуіміз жайлы дөңгелек үстел түрінде өтті. Балабақша тәрбиешілері,балаларға әжелерімен бірге болған әр сәттің жылулық пен қуанышқа толы болуына көмектесетін ойларымен бөлісті.

Бүгін біз тек танысып үлгердік, алайда-ақ біздің әжелерімізде қаншама бай қазына — білім, тәжірибе, дәстүр, жүрек жылуы сақталғаны айқын көрінді.

«Қамқор жүрек» мектебі — осы асыл қазыналар балалар үшін қайта жаңғыратын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын орынға айналады. Әжелер мектебінің аясында жаңа отбасылық дәстүрлер пайда болып, шаңырақтарыңыз одан әрі тату, жүректеріңіз одан әрі жылы болсын деп тілейміз.

© 2025. Все права защищены.