Наурыз мерекесінің қарсаңында «Қош келдің –әз Наурыз!» атты балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.
Осы мерекеге орай, арнайы Айгөлек қызымыз қонаққа келді. Балалар қуана қарсы алып, «Наурыз», «Көктем келді!» әндерін, Наурыз туралы тақпақтарын айтып, «Домбыра», «Дастархан» билерін билеп, «Асық жина», «Бәйге» ұлттық ойындарын ойнады.
Мерекелік шараға балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, музыкалық жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушысы қатысып, қызықты өтуіне үлестерін қосты.
Айгөлек қызымыз құр қол келмей, бүлдіршіндерге шашу тәттілерін таратты.