29 наурызда Қостанай облысы Федоровка ауылының «Балдырған» бөбекжайында Қостанай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының «Инновациядан - бала танымын дамытуға» шығармашылық кездесуі өтті, оған 54 бөбекжайының тәрбиешісі Бобрицкая Елена Анатольевна қатысты.
Елена Анатольевна кездесу барысында тақырыпқа презентация және бейнеролик арқылы «STORYSACK» технологиясын пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды кітап әлемімен таныстыруға бағытталған бірыңғай тәрбие-білім беру кеңістігін құру» тақырыбы бойынша эксперименттік алаң аясында 54 бөбекжай педагогтарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.