Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында алғашқы сенбіліктер өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты-қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениет пен патриотизмді қалыптастыру, «Адал адам – адал еңбек-адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.
«Таза аула – таза ауа» ұранымен «Таза мекен» акциясы аясында 54 бөбекжай қызметкерлері ұйымның айналасында және аумағында қоқыстарды жинау және сұрыптау жұмыстарын жүргізді.
Біз «Таза Қазақстан» акциясына қатыса отырып, туған қаламызды тәртіпке келтіреміз және барлық қостанайлықтарды бізге қосылуға және оны таза әрі әдемі етуге шақырамыз деп санаймыз.