«Звездочка» тобының балалары біздің бөбекжайымыздың түлегі Арлан Құрманғалиевпен және оның әкесі Тимур Булатовичпен кездесті. Арлан аралас жекпе-жекпен айналысады. Ол республикалық жарыстардың жеңімпазы, сонымен қатар 2023 жылы Әлем кубогында 3 орын алды.
Кездесуде Арлан ширату өткізді, төрт жасында спортпен шұғылдана бастағанын айтты. Қазір ол бірінші сыныптағы оқу мен жаттығуды сәтті үйлестіруде. Арлан балаларға спортшылар үшін дұрыс тамақтану, жаттығулары туралы айтып берді. Арлан ұлдарды кеудені жерден қалай дұрыс көтеруді, пресс жасуды үйретті.
Әкесі Арланға үйде жаттығу жасауға көмектеседі, өйткені ол да бұрын кикбоксинг спортымен айналысқан. Олар балаларғая жекпе - жек тәсілдерін көрсетті. Ұлдар саймандарды қуана-қуана сынап көрді және осы амалдарды қайталауға тырысты.
Балалар түрлі жарыстарда жеңіп алған медальдарды қуана қарады.
Мұндай кездесулер балалардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырады.
Қазір Арлан FREE FIGHTING MMА бойынша Қазақстан Чемпионатына және FREE FIGHTING MAA Әлем Чемпионатына дайындалуда.
Оған жеңіс тілейміз!!!