Біздің елімізде «Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні» мерекесі бар. Өз елімен қарым-қатынасты қалыптастыру бала кезінен басталады. Бұл туған үйге, отбасына, балабақшаға, өз халқының мәдени игілігіне, туған табиғатына деген сүйіспеншілік, басқа ұлттың адамдарына толеранттылықты, мерекелерді бірге атап өту әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне тәрбиелеу.
Мереке қарсаңында балаларды түрлі халықтардың ойындарын ойнауға шақырған спорт залында «Достық сандығы» тосын сәт күтіп тұрды. «Почемучка» және «Любознайка» мектепалды топтары әртүрлі ұлттардың ойындарымен танысып, Қазақстан халықтарының дәстүрлерін құрметтеуге үйренді. Балалар қазақ, орыс, беларусь, дағыстан және башқұрт ойындарын үлкен қызығушылықпен ойнады. Олар физикалық қасиеттерді көрсетті: жылдамдық, ептілік, төзімділік және достық. Мұндай мерекелер балаларға өздерінің дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге, өздерін бірігей, біртұтас халық ретінде сезінуге мүмкіндік беретін моральдық – патриоттық сезімдерді қалыптастырады.