Мамыр айында Кеңес беру пунктінің жұмысы аясында ата-аналарға (заңды өкілдерге) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға №54 бөбекжай базасында «Отбасы мүшелерінің атауы» тақырыбында кеңес (ата-ананың өтініші бойынша) берілді.
Қазақ тілі мұғалімдері ата-анаға отбасындағы қазақ тілін меңгеруін жүзеге асыру үшін, «Бармақтар отбасы» сергіту сәті, отбасы мүшелері суреттері бар текше, «Менің отбасым» жапсырмалы сурет арқылы әдістерін ұсынды. Ата –анаға деген негізгі ұсынылған әдістерді үйде орындауға баланың біртіндеп қажеттілігіне айналады.