20 қыркүйекте «Рудный қаласының білім бөлімінің №10 бөбекжайы» КМҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шарада ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың маңызды аспектілері талқыланды. Қатысушыларға жеке білім беру маршруттары мен түзету жұмыстарының жоспарларын қоса алғанда, қажетті құжаттаманы жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, ЕБҚ бар балаларды сәтті әлеуметтендіруге және оқытуға ықпал ететін жайлы білім беру ортасын құруға көмектесетін әдістер мен тәсілдер қарастырылды.
Педагог-психолог Гаан В.К. «ЕБҚ балаларымен жеке түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады, соңында берілген тақырып бойынша жұмыс тәжірибесінен бейнеролик көрсетті.