Біздің балабақша базасында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу және танымдық әрекеттерін түзету» тақырыбында коррекциялық педагогтардың әдістемелік бірлестігі өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу кемшіліктерін түзету және танымдық қабілеттерін дамытудағы заманауи тәсілдерді талқылау.
Әдістемелік бірлестік барысында логопед мамандар коррекциялық жұмыста цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Интерактивті қосымшалар, мультимедиялық презентациялар, 🛜онлайн-ресурстар және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу және танымдық әрекеттерін дамытуға арналған заманауи құралдарды қолдану мысалдары ұсынылды. Қатысушылар цифрлық технологиялар сабақтарды қызықты әрі тиімді ететінін, сондай-ақ кішкентай тәрбиеленушілердің жетістікке жету жолын қысқартатынын талқылады.
Бұл шара кәсіби тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және әр бала үшін оқу процесін сапалы әрі қолжетімді ететін жаңа шешімдерді іздестіру алаңына айналды.