ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области
г. Костанай
8-7142-22-08-77
sad54@kst-goo.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз балабақшаның ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

p 2

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!

Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.


С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна

 23 қазан Республика күніне орай, біздің №54 бөбекжайында   «Туған жерімізді дәріптейміз» Күзгі жәрмеңке атты мерекелік іс-шара өтті.  Бұл мереке балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ күз мезгілінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.

 Мерекелік шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Іс-шараның шымылдығы патриоттық музыкамен ашылып,  ұлдар мен  қыздар қолдарына көгілдір,  сары шарларды ұстап, «Аспан бәрімізге ортақ» атты би композиясын биледі.   

  Балалар әсем киімдерін киіп, туған жерге арналған жүрек жарды тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. Содан кейін  «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты  әсем  ән орындап,  патриоттық тақырыптағы «Батыр жігіттер», «Туған өлкем» және аналарымен бірге «Киіз үй» билерін биледі. Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі күздің сұлулығы мен молшылығын дәріптеді. Күз туралы тақпақтар айтып, «Алтын күз» әнін орындап, «Бидай масағы» биін билеп  өнерлерін көрсетті.  Сонымен қатар,  күзгі киімдерге арналған «Сән көрсету» өтті.  Қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалардың белсенділігімен ұйымшылдығы байқалды.

Мереке өте әсерлі, қуанышты жағдайда өтті. Балалардың көзінен туған елге деген мақтаныш сезімі байқалды. Осындай іс-шаралар арқылы кішкентай бүлдіршіндердің бойында елін, жерін, халқын сүю қасиеті қалыптасады.

© 2025. Все права защищены.