Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
11
Желтоқсан
2024
|

Біздің балабақша базасында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу және танымдық әрекеттерін түзету» тақырыбында коррекциялық педагогтардың әдістемелік бірлестігі өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу кемшіліктерін түзету және танымдық қабілеттерін дамытудағы заманауи тәсілдерді талқылау.
Әдістемелік бірлестік барысында логопед мамандар коррекциялық жұмыста цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Интерактивті қосымшалар, мультимедиялық презентациялар, 🛜онлайн-ресурстар және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу және танымдық әрекеттерін дамытуға арналған заманауи құралдарды қолдану мысалдары ұсынылды. Қатысушылар цифрлық технологиялар сабақтарды қызықты әрі тиімді ететінін, сондай-ақ кішкентай тәрбиеленушілердің жетістікке жету жолын қысқартатынын талқылады.
Бұл шара кәсіби тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және әр бала үшін оқу процесін сапалы әрі қолжетімді ететін жаңа шешімдерді іздестіру алаңына айналды.
11
Желтоқсан
2024
|

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі балалардың Облыстықмузыкалық дамуы саласындағы үздік тәжірибелергеарналған «Үздік тәжірибелер панорамасы: мектеп жасынадейінгі баланың жеке әлеуетін музыка арқылы дамыту»музыкалық жетекшілерінің семинары өтті. Талқылаудыңбасты тақырыбы музыканы балалардың жеке әлеуетін ашуқұралы ретінде пайдалану болды.
Семинарға қатысушылар өздерінің әдістемелерімен, тәжірибеден алынған мысалдарымен, сондай-ақ музыкалықтәрбиеге жаңа тәсілдерімен бөлісті. Мектеп жасына дейінгібалаларда эмоционалды жауаптылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлау мен коммуникативтік дағдылардыдамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шара тәжірибе алмасу, шабыт алу және музыканы мектепжасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудың негізгіэлементіне айналдыруға көмектесетін инновациялықшешімдерді іздеу алаңы болды.
1
Қазан
2024
|

1
Қазан
2024
|
