ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области
г. Костанай
8-7142-22-08-77
sad54@kst-goo.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК
КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная"
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз балабақшаның ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Жасыл балабақша

Болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру жөніндегі республикалық жоспарды іске асыру аясында 54 бөбекжайда осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Педагогтар «Почемучка» тобының балалары мен ата – аналарын «Ресайклинг «Қоқысқа-екінші өмір» шеберханасына шақырды.

Өз денсаулығыңды күту – ол жақсы, ал планетаның денсаулығына қамқорлық жасау одан да жақсы! Біз экология туралы және қоқысты қайта өңдеу мен заттарды қайта пайдаланудың пайдасы туралы тынымсыз айтамыз.

Балалар ата-аналарымен бірге қолөнер бұйымдарын жасады, яғни қоқысқа екінші өмір сыйлады, олардың не жасағанын көрейік.

Пластикалық бөтелкелерден көңілді пингвиндер, сонымен қатар қарындаштар мен қылқаламадарға арналған әдемі тіреуіш жасауға болады екен.

Лақтырылған қақпақтар -қызға сыйлауға болатын гүл жасау үшін, сонымен қатар біздің аяқтарымызға арналған денсаулық жолдарына пайдасы тиді.

Көптеген ата-аналар балаларға дамыту ойыншықтарын дүкендерден сатып алу керек деп ойлайды. Алайда, біздің ата - аналарымыз өз қолдарымен жасалған ойыншықты дамытушы деп санайды. Сонымен, олар жұмыртқа науалары мен киндерден жасалған контейнерлерден: аралар, шынжыр табан, өрмекші, көбелектер, ал дене шынықтыру сабағына арқа уқалағашын жасады.

Әрине, бір лақтырылмаған қаптама барлық экологиялық мәселелерді шеше алмайды. Бірақ егер біз өзіміз үйренсек, сонымен бірге балаларымызға қоқысты дұрыс тастауға үйретіп, оған «екінші өмір» берсек, әлем таза болады. Өйткені, қажет емес заттарға екінші өмір сыйлай отырып, біз планетамызды қоқыстардан сақтаймыз, сонымен бірге керемет сәндік заттар мен қолөнер бұйымдарын жасаймыз.

© 2025. Все права защищены.