«Жүректі бөлу» рөлдік ойыны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, әлемді эмпатикалық қабылдау және жанжалды дұрыс шешу арқылы жанжал жағдайынан шығу қабілетін дамыту мақсатында балабақша педагогтары арасында «Жүректерді бөлу» рөлдік ойыны өткізілді.
Ойынның бірінші кезеңінде қатысушылар он кейіпкермен танысып, жеті донорлық жүректі бөліп, таңдауының себебін түсіндіруі керек болды.
Ойынның екінші кезеңінде шарттары өзгерді, тек үш донорлық жүрек қалды, ойынның қатысушылары таңдау жасап, қалған жеті кейіпкердің қайсысын алатынын шешуі керек болды.
Бұл іс-шара азаматтық ұстаным деңгейін арттыруға, шешім қабылдауға және олардың салдары үшін жауап беруге батылдықты дамытуға ықпал етті.